Accessibility links

Атырауда уланып ауруханға түскендердің тағы біреуі қайтыс болған


Атырау облысының Жылыой ауданында әлденеден уланып, ауруханаға түскен алты адамның бүгін тағы біреуі қайтыс болған деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Сейсенбіге қараған түні ауруханаға жеткізілген "Сан Дрилинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін екі адамның бірі көп ұзамай ауруханада қайтыс болған.

Ал сәрсенбіге қараған түні осы компанияда істейтін тағы төрт адам әлгіндей диагнозбен ауруханаға түскен. Олардың екеуінің халі ауыр деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.

Жылыой прокуратурасы ауруханаға түскендерден алғашқы түсініктеме алған соң "жұмысшылар техникалық спирт ішіп уланған болуы мүмкін" деген болжамды тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG