Accessibility links

«Амнести интернешнл» ұйымы Йемен билігін айыптады


«Амнести интернешнл» халықаралық құқық қорғау ұйымы шеруге шыққан адамдарға негізсіз қатыгез күш қолданғаны үшін Йемен үкіметін айыптады.

Ұйымның жаңа баяндамасында, Йеменде президент Әли Абдолла Салехтің билігіне қарсы шерулер басталған жыл басынан бері полицияның қолынан жүзге жуық адамның қаза болғаны айтылған. «Амнести интернешнл» халықаралық қауымдастықты осы құрбан болғандардың қаззасына кінәлілерді жазалауды талап етіп Йемен билігіне қысым жасауға шақырып отыр.

Сейсенбі күні БҰҰ, АҚШ және Еуропа одағы қантөгіске жол бергені үшін Йемен үкіметінің ісін сынады.
XS
SM
MD
LG