Accessibility links

Ливия көтерілісшілерінің қолбасшысы НАТО-ны сынады


Ливия көтерілісшілерінің қолбасшысы НАТО-ны "Муаммар Каддафидің күштеріне әуе шабуылдарын тым кеш жасады" деп сынады.

Каддафи режиміндегі бұрынғы ішкі істер министрі Абдел Фаттах Юнес бұл туралы сейсенбі күні көтерілісшілердің бақылауындағы Бенгази қаласында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өткен айда БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ливия азаматтарын Каддафи әскерилерінің шабуылынан қорғау мақсатында Каддафи күштеріне әуеден соққы беруді мақұлдаған болатын. Ливияда Каддафиге қарсы көтеріліс ақпан айында басталды.

НАТО қауіпсіздік кеңесінің қарарына сай өз мандатын орындап жатқанын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG