Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Сауд Арабиясына барды


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Араб елдеріндегі толқуларды талқылау үшін Сауд Арабиясына барды.

Тунис пен Египеттің басшыларын биліктен құлатқан наразылық шарасы сияқты жаппай шерулер әлемнің ең ірі мұнай өндірушісі Сауд Арабиясында болмады. Бұл елде тек кішігірім шиттер тобы бейбіт шеру өткізді.

Өткен айда саудиялықтар шииттердің көтерілісін тоқтатуға көмектесу үшін көршілес Бахрейн еліне бір мың сарбаз жіберді.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, патша Абдулламен келіссөз барысында Гейтс Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін де көтереді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG