Accessibility links

Кот-д'Ивуарда Гбагбоның резиденциясына шабуыл жасалып жатыр


Кот-д'Ивуарда президент сайлауында жеңіске жетті деп халықаралық түрде мойындалған Алассан Уаттараның әскерилері биліктен кетпей отырған Лоран Гбагбоның резиденциясына шабуылдап жатыр.

Хабарларға қарағанда, Гбагбо отбасы мүшелерімен бірге резиденциясындағы бункерге жасырынған.

Сейсенбі күні АҚШ пен Франция "Гбагбо биліктен кету жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр" деп мәлімдеген болатын. Бірақ сәрсенбіде Франция телеарнасына берген сұхбатында Гбагбо биліктен кетуге ниеті жоқ екенін айтып, Уаттараны қараша айындағы сайлаудың жеңімпазы деп мойындамайтынын мәлімдеді.

Кот-д'Ивуардағы қақтығыстар барысында 1500-ден астам адам опат болды.
XS
SM
MD
LG