Accessibility links

«Фукусима» АЭС-інде жарылыстың алдын алу шаралары жасалды


Жапонияда наурызда болған зілзала мен цунами салдарынан апатқа ұшыраған «Фукусима – Дайичи» атом электр станциясындағы реакторлардың біріне сутегінің жинақталуынан пайда болатын жарылыс қаупінің алдын алу үшін азот құйып жатыр.

Бұл туралы АЭС-ті пайдалануға жауапты ТЕРСО компаниясының өкілдері бүгін мәлімдеген.

Осыдан бір күн бұрын АЭС реакторларында жиналған радиоактивті судың мұхитқа төгілуі тоқтатылғаны туралы хабарланған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG