Accessibility links

Қытайда тұтқындалған диссидент суретшіге айып тағылды


Қытай билігі суретші Ай Вэйвэйге экономикалық қылмыстар жасаған деген айып тағып отыр. Бұл туралы бүгін Синьхуа агенттігі хабарлады. Алайда диссидентке нақты қандай айыптар тағылып отырғаны айтылмайды.

Өткен жексенбіде Гонконгқа ұшар алдында Бейжің әуежайында қамауға алынған 53 жастағы суретші әрі сәулетші Ай Вэйвэй Қытай билігін адам құқықтарын бұзып, еркіндікті шектеп отырғаны үшін сынап келген.

Дүйсенбі күні Франция мен Германия Қытайды суретшіні дереу босатуға шақырған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG