Accessibility links

АҚШ: Араб әлеміндегі толқулар Иранға әсер етуі мүмкін


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісіне берген сұқбатында соңғы кездері Таяу Шығыс елдерінде болып жатқан халық толқулары Ирандағы жағдайға әсер етуі мүмкін дегенді айтты.

"Иран қазір ең ауыр кезеңді өткеріп жатыр. Елде реформалар нышаны байқалмайды, оппозиция белсенділеріне қарсы қысым-қудалаулар бәсеңдемей отыр, елдегі ахуал Иран жастарының көңілінен шықпайды" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшының демократия, адам құқығы және еңбек мәселелері жөніндегі көмекшісі Майкл Познер.

Ол сондай-ақ АҚШ Ирандағы адам құқығының жайын мұқият қадағалап, ол елдегі құқық бұзу оқиғаларының барлығын назардан тыс қалдырмай мәлімдеме жасап отырғанын айтты.
XS
SM
MD
LG