Accessibility links

Жапониядағы жер сілкінісінен екі адам мерт болды


Жапонияда кеше тағы қайталанған жер сілкінісінен кемінде екі адам қаза болып, жүзден аса адам жарақат алды.

Сендай, Курихара және Томе қалаларының тұрғындары зардап шекті.

Магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі бейсенбі күні Мияги префектурасында тіркелді. Іле-шала цунами қаупінен сақтану дабылы соғылған, бірақ кейіннен ондай қауіп-қатер жоқ екендігі анықталды.

Өткен айда Жапонияда болған 9 балдық зілзала мен цунамиден 12 мыңнан аса адам қаза болды 15 500 адам жоғалғандар тізімінде.

Табиғи апаттан қатты бүлінген «Фукусима – Дайичи» атом электр станциясындағы радиация табиғатқа үлкен қауіп төндіріп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG