Accessibility links

ХАМАС атысты доғаратынын мәлімдеді


Газа секторын бақылайтын палестиналық ХАМАС тобының өкілдері Израильмен арадағы атысты доғаруға дайын екені туралы мәлімдеме жасады.

Онда соңғы кездері өршіп кеткен зомбылықтарды ауыздықтау мақсатында ХАМАС тобы осындай шешімге келгені айтылған.

Жұма күні ХАМАС тобындағы ақпарат көздері "осы мәлімдеме жасалғаннан кейін израильдік авиация Газа секторына соққы берді" деп хабарлады.

Израиль әскери басшылығы бұл соққылар Израиль аумағын атқылауға жауап ретінде жасалғанын айтады. Бейсенбі күні Израильдің оңтүстігінде мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобусқа түскен зымыран екі адамды жаралаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG