Accessibility links

Қытайда үш бала сүттен уланып көз жұмды


Қытайдың солтүстік-батысындағы Гансу провинциясында уланып қалған үш бала қайтыс болып, отыздан аса адам ауруханаға түсті. Мамандар олар құрамында нитрин заты болған сүт ішіп уланған деген қорытынды жасап отыр.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, ауруханаға түскендердің көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Қазір олар Пинглянь қаласындағы екі ауруханада ем алып жатыр.

Құрамынан нитрин табылған сүтті өндірген екі ферма жабылып, олардың басшыларының үстінен тергеу басталған.
XS
SM
MD
LG