Accessibility links

Иранда түрмеде отырған журналист ЮНЕСКО сыйлығын алды


Иран журналисі Ахмад Зейдабадиге ЮНЕСКО-ның жыл сайын сөз бостандығы саласы бойынша тапсырылатын дәстүрлі сыйлығы берілді.

Қазір Иранда түрмеде отырған журналист Ахмад Зейдабади «елдегі саяси құрылымға қарсы үгіт жүргізді» деген айып бойынша жазаланған.

ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Ирина Бокова журналист Ахмад Зейдабадиді «баспасөз және сөз бостандығын үнемі батыл қорғап сөйлейтін» адам ретінде сипаттады.

Иранда 2009 жылы өткен президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспей, жаппай наразылық акцияларына қатысқандары үшін сотқа тартылған жүздеген қоғам қайраткерлері мен оппозиция белсенділерінің арасында Ахмад Зейдабади да бар.

Ол «Азад» газетінің бас редакторы болып істеді, сонымен бірге британдық «Би-би-си»-дің иран қызметімен әріптестік байланыста болған.
XS
SM
MD
LG