Accessibility links

Түркия премьері Ливиядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуді ұсынды


Түрік премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Ливияда бейбітішілік орнатуды көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Ол Муаммар Каддафиді қолдайтын күштерді көтерілісшілер бекінген қалаларды қоршаудан босатуға, оларға гуманитарлық дәліздер ашуға және кең көлемді демократиялық реформалар өткізуге шақырды.

Ердоған бұл іс-шаралар Ливиядағы халықаралық операцияға жетекшілік ету үшін құрылған байланыс тобының алдағы аптада Катарда өтетін отырысында талқыланатындығын мәлімдеді. Бұл топқа Еуропа одағы, АҚШ, олардың Таяу Шығыстағы одақтастары және бірқатар халықаралық ұйымдар енеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG