Accessibility links

Астанада президент Назарбаевтың инаугурация рәсімі басталды


Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында кезекті жаңа мерзімге сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы басталды.

Президент Назарбаевтың сағат 10.45-те Ақордадан шығып, көлігіне мініп, Тәуелсіздік сарайына бет алғанын дәл қазір ұлттық телеарналар тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Астанадағы Тәуелсіздік алаңында жүздеген адам жиналып тұр.

Конституцияның 12-бабына сәйкес, Қазақстан президенті халыққа ел Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепіл болуға салтанатты түрде ант берген сәтінен бастап қызметіне кіріседі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бүгінгі инаугурация рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігі мен төсбелгісін тапсырады.

ОСК-нің ресми қортындысына сәйкес, сәуірдің 3-інде өткен кезектен тыс президент сайлауына дауыс берген сайлаушылардың 95,55 пайызының қолдауына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болып сайланды.

Қазақстанды 20 жылдан аса басқарып келе жатқан Назарбаев өмірінде осымен төртінші рет президенттік инаугурациясын өткізіп отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG