Accessibility links

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов (сол жақта) пен Қытай президенті Ху Цзиньтао. Шанхай, 30 сәуір 2010 жыл.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов (сол жақта) пен Қытай президенті Ху Цзиньтао. Шанхай, 30 сәуір 2010 жыл.
Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені туралы жұма күні үкімет отырысында премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

«Қазақстан республикасы Конституциясына сәйкес, біз үкімет құрамындағы жұмысымызды аяқтаймыз», - деді ол.

Ол осы кезге дейін өзімен бірге үкімет құрамында еңбек еткендердің барлығына алғыс білдірді.

«Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Енді өзгелер бұдан да жақсы істесін», - деп мәлімдеді 2007 жылдан осы қызметте істеп келген Кәрім Мәсімов.

Қазақстан заңы бойынша, жаңадан сайланған президенттің инаугурациясы өткен соң үкімет премьер-министрмен бірге толық құрамда отставкаға кетеді.

Сәуірдің 3-і күні кезектен тыс президент сайлауының ресми қортындысы бойынша кезекті мерзімге Қазақстан президенті болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы бүгін таңертең Астанада өтті.

Президент премьер-министр қызметіне лайықты деп тапқан адамның кандидатурасын өзін қолдайтын «Нұр Отан» партиясының парламенттегі фракциясының қарауына бүгін түстен кейін ұсынады.

Жаңа үкіметтің құрамы президент өз жарлығымен премьер-министрді қызметке тағайындағаннан кейін жасақталады.
XS
SM
MD
LG