Accessibility links

Министрлер мен әкімдер міндеттерін уақытша атқармақ


Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болады. Осы жөніндегі жарлыққа қайта сайланған президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні қол қойды.

Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқармақ.

Бұған қоса, президент жарлығында "Қазақстан үкіметі кабинеттің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын" делінген.

Жұма күні Назарбаевтың инагурациясынан кейін үкімет отсавкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG