Accessibility links

Араб әлемінде жұма намазынан кейін шерулер өтті


Араб әлемінде мұсылмандардың жұма намазы оқылатын күні наразылық шаралары болып өтті.

Толқулар барысында Сирияда 22 адам қаза болса, ал Йеменде 4 адам оққа ұшты деп хабарланып отыр. Сауд Арабиясындағы шииттер шеру өткізіп, Бахрейннен саудиялық күштерді шығаруды талап етті. Египет астанасындағы Тахрир алаңында жиналған халық бұрынғы президент Хосни Мүбәрәктің сотқа тартылуын талап етті. Ал Оманда қауіпсіздік күштері жұма намазынан кейін жоспарланған шерудің өтуіне кедергі жасады.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG