Accessibility links

Иран кувейттік 3 дипломатты елден шығарған


Иранның мемлекет бақылауындағы телеарнасы хабарлағандай, жексенбі күні Тегеран үш Кувейт дипломатын елден шығарды.

Осының алдында Кувейт сыртқы істер министрі наурыздың 31-дегі мәлімдемесінде, Иранның үш дипломаты Тегеранның тыңшылық істеріне қатысты елден қуылуы мүмкін деген.

Өткен айда Кувейт соты екі ирандық пен бір кувейттік азаматты Иранның тыңшылық ісіне қатысты деген айыппен өлім жазасына кескен.

Иран мен оған көрші Парсы шығанағындағы елдер арасындағы қарым-қатынас араб елдеріндегі толқуларға байланысты нашарлап кеткен. Парсы елдері Иранды өздерінің ішкі ісіне араласты деп айыптайды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG