Accessibility links

Ливияда кемінде 30 оппозициялық көтерілісші қаза тапты


Ливиядағы көтерілісшілер өкілі хабарлағандай, Мисрата қаласына шабуылдаған үкіметтік күштердің соққысынан кемінде 30 көтерілісші қаза болды.

Оның айтуынша, Муаммар Каддафи күштері сенбі күні елдің батысындағы Мисрата қаласына үш тұстан шабуылдаған.

Ливия оппозициясының жасақтары оларға тойтарыс беруге тырысып, Каддафи әскерінің жеңуіне жол бермеді деді ол.

Осының алдында НАТО күштері Мисрата маңындағы операцияларын күшейткенін айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG