Accessibility links

Хамас Израилдің атыс тоқтатуға шақырғанын оң қабылдады


Жексенбі күні Газадағы Хамас жетекшілері Израиль қорғаныс министрі Ехуд Барак атысты тоқтатуға келісетін ниет танытқан соң, Израилмен қақтығысты тоқтатқылары келетіндіктерін айтты.

Хамас өкілі Сами Абу Зухридің айтуынша, палестиналық фракциялар қақтығысты ушықтыруға мүдделі емес. Оның алдында Эхуд Барак жергілікті радиоға берген сұқбатында, Израиль бірнеше қанды қақтығыстан кейін Газадағы Хамас жауынгерлерімен өзара атысты тоқтату келісімін жасағысы келетіндігін айтқан.

Израиль өзінің балалар мінген автобусына болған шабуыл үшін Палестинаға кек қайтару соққыларын бастағаннан бері 19 палестиндік бейбіт тұрғын мен әскерлер қаза тапты.
XS
SM
MD
LG