Accessibility links

Польша ұшақ апатының құрбандарын еске алуда


Бүгін Польша президент Лех Качиньский мен польшалық жоғары дәрежелі делегацияның Ресейдегі ұшақ апатына бір жыл болғанын еске алуда.

Бірақ Польшадағы еске алу шаралары қарсаңында Ресейдің Смоленскідегі апат болған жерден ескерткіш тақтаны алып тастауы Мәскеу мен Варшава арасындағы жаңа кикілжіңге түрткі болды.

Ол тақтада Качиньский мен онымен бірге ұшақта болған 95 адамның Совет әскерінің 22 мың польшалықты өлтірген орын Катынға еске алу шарасына бара жатқанда апатқа ұшырағаны жазылған. Ал Ресей өзгерткен жаңа тақтада Катынь туралы ештеңе айтылмай қалған.

Смоленск губернаторы Сергей Антуфиев жексенбі күні ол өзгерісті қорғап сөйледі. Ол бұл жер Катындағы польшалықтардың қырылғанын емес, ұшақ апатының құрбандарын еске алатын орын деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG