Accessibility links

Сирияда қақтығыстарда бірнеше адам мерт болды


Сирияның солтүстігіндегі Банияс қаласында жексенбі күні президент Башар әл-Ассадтың биліктен кетуін талап етіп шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күші арасындағы қақтығыс салдарынан он үш адам мерт болған.

Қайтыс болғандардың төртеуі – наразылық шеруіне шыққандар деген ақпарат бар. Сирия мемлекеттік телеарнасы Баниясқа жақын маңда қарулы бұзақылар тұтқиылдан шабуыл жасап, қауіпсіздік күштерінің тоғыз офицерін өлтірді деп хабарлады.

Бұл ақпаратты тәуелсіз тараптардан нақтылау мүмкін болмай отыр.

Соңғы төрт аптадан бері үкіметке қарсы наразылық басылмай отырған Сирияда билік баспасөз еркіндігін қатты шектейтін шаралар қабылдап, шетелдік журналистерді елден кетуге мәжбүр етті.
XS
SM
MD
LG