Accessibility links

Францияда бүгіннен бастап ниқаб не пәренже киюге болмайды


Бүгіннен бастап Францияда қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып тұратын пәренже немесе ниқаб киіп жүруге тыйым салатын заң ережесі күшіне енеді.

Енді бұл заңды бұзған қыз-келіншектерге 150 еуро көлемінде айыппұл салынып, олардың француз азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейтуге арнаулы курсқа жібереді.

Ал әйелдерін пәренже киюге мәжбүрлейтіндерге айыппұл салу және екі жылға дейін түрмеге қамау жазасы белгіленген.

Еуропа елдері арасында осындай дәстүрлі мұсылман киімдеріне тыйым салуды алғаш болып Франция енгізіп отыр. Осы заңды қолдаушылар «бетін тұмшалайтын кез-келген киім қыз-келіншектерді қорлау болады» деп түсіндіреді. Ал заңға қарсылар «бұл діни сенім еркіндігін шектеу және мұсылмандарды кемсіту» деген уәж айтады.
XS
SM
MD
LG