Accessibility links

Назарбаев адамзаттың ғарышқа ұшқан күніне орай Медведевті құттықтады


Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына 50 жыл толуына орай Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жолдады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Барлық қазақстандықтардың және өз атымнан сізді және Ресей халқын Юрий Гагариннің тарихи сапарының елу жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Адам баласының ғарышқа ұшуы күллі адамзат үшін дәуір оқиғасы болды. Бұл - барлық бауырлас халықтардың ұжымдық күш-жігерінің, бірге атқарған еңбектің нәтижесі, біздің ғылым және техникамыздың ұлы жетістігі. Адамзаттың жұлдызды жолы қазақстандық Байқоңырдан басталды. Байқоңырдан ғарыш кемелері мен аппараттары ұшырылып келе жатқанына, міне, жарты ғасыр толды. Миссияларын орындаған ғарышкерлерді тағы да біздің жерде жылы қарсы алады», - делінген жеделхатта.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG