Accessibility links

Душанбеде қазақ дипломатын сабап кеткен


Душанбеде белгісіз бұзақылар Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігі қызметкерін ұрып кетті деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

«Қазіргі кезде Тәжікстанның құқық органдары тергеумен айналысып жатыр» деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, таяқ жеген дипломат «бетіне тас тигеніне қарамастан қазір жұмысқа барып жүр, жағдайы дұрыс».

Бұған дейін CA-NEWS жаңалықтар қызметі сәуірдің 10-ы күні Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің 34 жастағы қызметкері Әмір Жанаевты мас бұзақылар ұрып кеткен деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG