Accessibility links

Карзай "Кабул банкін" дұрыс басқармаған шетелдіктерді кінәлады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай "Кабул банкін" реформалау бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Бірақ ол банк ісін дұрыс жүргізбеген деп шетелдіктерді айыптады.

Президент Хамид Карзай журналистерге мәлімдегенінде, банктің барлық акционерлері ауыстырылды және қаржыларын қайтармағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады деді.

Тамыр-таныс арқылы тағайындаулар мен дұрыс басқармау және күдікті несиелер салдарынан "Кабул банкі" өткен жылы банкротқа ұшырау алдында тұрған. Елдің кейбір халықаралық одақтастары бұл банкті қаржылық жүйесі дұрысталғанша ұстап тұратындарын айтқан.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG