Accessibility links

Ресей мен Польша жетекшілері ұшақ апатын еске алуға Смоленскіге барады


Бүгін Ресей мен Польша президенттері бір жыл бұрын президент Лех Качиньскийдің ұшағы құлаған Смоленск аймағына барып, апатта қаза болған 95 адамды еске алу шарасына қатысады.

Польшаның ресми өкілдері 1940 жылдары Совет әскері өлтірген 22 мың полякты еске алу үшін Катыньға бара жатқан жолда апатқа ұшыраған.

Бүгінгі еске алу шаралары екі елдің арасында ескерткіш тақтаның алынуына қатысты жаңа кикілжің орнаған тұста болып отыр. Ресей польшалықтардың "Катынь қырғыны" деп аталған ескерткіш тақтасын алып тастап, оның орнына ұшақ апаты туралы ғана жазылған тақтаны ілген.

Ресей билігі заң бойынша елде шет тілде жазылған ескерткіш тақта болмауы тиіс деп отыр.

Качиньскийдің ұшағы апатқа өткен жылдың 10-шы сәуірінде ұшыраған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG