Accessibility links

Жапония ядролық зауыт аймағындағы эвакуация аумағын кеңейтпекші


Жапония үкіметі осыдан бір ай бұрынғы табиғат апатынан жапа шеккен ядролық кешені аймағына енгізілген эвакуация аумағын кеңейтпекші.

Жапония наурыздың 11-дегі зілзала мен цунамиден кейін "Фукусима Даийчи" ядролық стансасынан 20 шақырым аумақта жүруге тыйым салған.

Бірақ дүйсенбі күні Жапония үкіметінің өкілі Юкио Эданоның айтуынша, егер бұл тыйым салынған аймақтан тыс жерден жоғары радиация деңгейі анықталса, билік оларды басқа көшуге шақырған.

Жапония халқы алапат табиғат апаттары болған уақытты үнсіздікпен еске алып, жерсілкінісі мен цунами құрбандарының рухына тағзым етті.

Жапонияда дүйсенбіде тағы да жерсілкінісі болып, үкімет цунами дабылын жариялады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG