Accessibility links

Пәкістан барлау агенттігінің басшысы АҚШ-та сапармен жүр


Пәкістан барлау қызметінің басшысы АҚШ-та Орталық барлау қызметіне барып, америкалық әріптесімен кездесті. Бірақ Пәкістанның барлау агенттігі Ахмад Шуйа Пашаның АҚШ-қа сапары туралы толығырақ мәлімет бермеді.

Пәкістан мен АҚШ-тың барлау қызметтері арасындағы ынтымақтастық қаңтар айында Лахорда Орталық барлау қызметінің өкілі екі пәкістандықты атып өлтірген оқиғадан кейін бұзылған.

АҚШ оның дипломатиялық иммунитеті бар дегеніне қарамастан, Пәкістан соты Рэймонд Дэвисті бір ай қамауда ұстаған. Кейін ол қаза тапқан пәкістандықтардың отбасына құнақы төлеп бостандыққа шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG