Accessibility links

Қырғызстан Кедендік одаққа қосылғысы келеді


Қырғызстан осы жылы Беларусь-Ресей-Қазақстан елдерінің Кедендік одағына қосылуға тырысады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Қырғызстанның экономикалық даму министрі Учкун Ташбаевтың айтуынша, үкімет дүйсенбі күнгі отырысында Қырғызстан кедендік одаққа қосылу тиіс деген шешімге келіп, мүшелікке ену үшін арнайы комиссия құрылған.

Ташбаев Кедендік одаққа мүше үш елдің ресми өкілдері мамырдың 15-де Ялтада кездеседі деді. Ол қыркүйек айындағы кездесуде басқа да мәселелермен қатар Қырғызстанның Кедендік одаққа мүше болу ниеті жайлы талқыланады деп мәлімдеді.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағы 2010 жылдағы қаңтардың 1-нен басталды. Одақ елдер арасында экспорт-импорт бағаларын төмен ұстау сияқты сауда артықшылықтары бар. Украина мен Тәжікстан үкіметтері де бұл одаққа қосылуға ниет танытқан.
XS
SM
MD
LG