Accessibility links

АҚШ-та метроны жармақ болған деп айыпталған адам 23 жылға сотталды


АҚШ соты Вашингтон метросын жармақ болған деп айыпталған адамды 23 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Шыққан тегі пәкістандық 35-жастағы Фарук Ахмед өз ісі үшін кешірім сұрады.

Федералдық тергеу бюросы оны былтыр қазан айында арнайы операция барысында ұстаған. Өздерін "әл-Қаида ұйымынанбыз" деп таныстырған агенттерге Фарук Ахмед Вашингтон метросының өзі зерттеген осал тұстарына жарылғыш зат қоюға болатынын айтып, сызбасын ұсынғаны сотта айғақ ретінде келтірілді.

Адвокаттары "Фарук Ахмед діни радикалдық ағымның ықпалында болған" деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG