Accessibility links

Дағыстанда бүлікшілер оғынан тағы екі полиция қызметкері қаза болды


Дағыстанда өткен түнде полиция қызметкерлері мінген автокөліктерге бүлікшілердің шабуылынан екі полицей қаза болып, тағы үшеуі жараланған.

Полицияның екі автокөлігі таулы жол бойына қойылған фугасқа кез болып, жарылыс болысымен бүлікшілер полицейлерге оқ жаудырған. Оқиға болған аудан қазір қоршауға алынды.

Бұл соңғы тәулікте полицейлерге қарсы жасалған осымен екінші қарулы шабуыл. Дүйсенбі күні кешке Дағыстанның Цунтинск ауданында бүлікшілермен болған атыста бес полиция қызметкері қаза тауып, жетеуі жараланған еді.
XS
SM
MD
LG