Accessibility links

Минскіде болған жарылыс құрбандарының саны 12 адамға жетті


Сәуірдің 11-і кешкілік Минскінің метро стансасында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 12 адамға жетті.

Соңғы деректер бойынша, жарылыстан 150-ге жуық адам жараланған, бірнешеуі ауыр халде жатқанын айтады дәрігерлер.

Беларусь құқық қорғау органдарынан алынған ақпарат бойынша, жарылыс қуаты 5-7 килограмм тротилға тең болған. Жарылғыш зат қала орталығында президент әкімшілігіне жақын орналасқан «Октябрьская» метро стансасының платформасындағы орындықтардың астына қойылған дейді тергеушілер.

Президент Александр Лукашенко Минскіде шұғыл кеңес өткізіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуді және жарылысты тергеуге құқық органдарының бүкіл күш-жігерін жұмылдыруды талап етті.

Минскіде сәуірдің 13-і құрбан болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG