Accessibility links

Беларусь КГБ-сы жарылыс жасаған адам анықталды деп хабарлады


Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) Минск метросында дүйсенбіде болған жарылысты жасаған адам анықталды, қазір ол іздестіріліп жатыр деп мәлімдеді.

Кешегі жарылыс салдарынан қаза болған 12 адамның 9-ының кім екендері анықталған. Жарылыстан 150-ге жуық адам жараланған.

Метродағы жарылысты "террорлық акт" деп бағалап, тиісті бап бойынша қылмыстық іс қозғаған Беларусь құқық қорғау органдарынан алынған ақпарат бойынша, жарылыс қуаты 5-7 килограмм тротилға тең болған. Жарылғыш зат қала орталығында президент әкімшілігіне жақын орналасқан «Октябрьская» метро стансасының платформасындағы орындықтардың астына қойылған дейді тергеушілер.

Ақпарат агенттіктері жараланғандар арасында ресейлік екі азамат барын хабарлады. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деген "Новости-Қазақстан" агенттігіне Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Ильяс Омаров.

Минскіде сәуірдің 13-і құрбан болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG