Accessibility links

Алматы автобустарында


Осындай жазбалар да болу керек деп ойлаймын.

Алматы автобустарында:

- Таза шашты иіскеп тұрып қандай сусабын қолданғанын анықтауға болады. (Кейде дәмін де татып қаласың дегендей. Шашы кір қыздар шашын жинап алатынына сонда қуанасың іштей, шын).

- Таза емес шаштың неше күн бойы жуылмағанын, қанша грамм май, қайызғақ алуға болатынын анықтауға болады (әрине, автобуста бір рет қана жүріп ондай «дәрежеге» жету қиын).

- Жазғы уақытта кейбір адамдардың қандай дезодорант қолданатынын, қаншалықты жиі қолданатынын, тіпті соңғы рет қашан душ қабылдағанын да анықтауға болады.

- Қыс кезінде, адам көп болса, неше кофта киіп алғанын да сезуге болады.

- Қыс кезінде тағы, былғарының натурал, жасанды екенін де тексеріп береді.

- Ұстанатындарға жақын тұрып қалсаңыз неше түрлі қолдар, саусақтар, тырнақтар (жасандысының суретін тамашалап дегендей), сақиналар, ыңғайы келсе сағаттар да көріп қалуыңыз мүмкін. Егер адам көп болса, сол қол, саусақ, т.т. бетіңізде өз «мөрін» салып қалуы да әбден мүмкін, дачы.

- Негізі, ауыз иістері былай тұрсын, кейде адамдардың тістерін де санауға (алтын тіс, пломба, құрт жеген тіс, жоқ тіс) мүмкіндік өзінен-өзі туып қалады (нығыздамақ болған жүргізушілерге, ұйқысы қанбаған, есіней беретін жолаушыларға «рахмет» дейміз да – басқа не айта аламыз).

- Аялдамада 15-20 минут кідірсеңіз, кондукторлардың айғайынан қай автобус қайда баратынын біліп аласыз.

- Сосын автобустарда жүргізуші қандай темекі тартатынын да иісінен анықтап алатын халге жеттік.

- Оқушы балалардың сумкасында неше кітап, неше дәптер бар екенін біліп аласың да, бүгін қанша сабақ болатынын біле қоясың.

- Ақ аяқ киім, ақ куртка, ақ құлақшын, т.т. киіп аялдамада автобус күтіп тұрғандардың автобустан шыққанда басқа түсті киім киіп шығатынын да біліп тұрасың.

- Демін (необязательно ер адам) тыңдап, жүрегінің қандай жиілікпен соғып тұрғанын да анықтауға болатынын білетін шығарсыздар.

Ескерту: Жазбама жыныңыз келсе, құсқыңыз келсе, өкпелесеңіз, ренжісеңіз, «қыз балаға бұндай жазу лайықты емес» десеңіз, ұятты бірдеңе жазсам я қайталасам – пікір қалдырудың қажеті жоқ (еш ренжімеймін).

http://balgyrgan.wordpress.com
XS
SM
MD
LG