Accessibility links

Ресей Космонавтика күнін атап өтті


Президент Дмитрий Медведев Ресейдің ғарыш бағдарламасы басты мақсат болып қала береді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін Халықаралық ғарыш станциясындағы ғарышкерлермен жасаған видео байланысында айтты.

«Космонавтиканың үлкен болашағы барына мен сенімдімін. Адамзат космонавтиканың дамуын қаржыландырып келеді, бұдан әрі қарай да солай болмақ. Ресей Федерациясының атынан мен де біздің міндетті түрде солай жасайтынымызды айтамын себебі ғарыш біздің басты мақсатымыз болып табылады», - деді Медведев.

Адам баласының ғарышқа ұшқанына бүгін елу жыл толды. 1961 жылы сәуірдің 12-сінде совет ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа шықты.
XS
SM
MD
LG