Accessibility links

Египеттің бұрынғы басшысы Мүбәрәк ауруханаға түсті


Египеттің бұрынғы президенті Ғұсни Мүбәрәк сейсенбі күні аурухана түсті.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауы бойынша, 82-жастағы Мүбәрәк өзі билікте отырғанда жаппай наразылық шеруіне шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда құрбан болғандар және мемлекеттен ақша жымқыру істеріне қатысты тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп отырғанда жүрегі қысылып ауруханаға жеткізілген.

Отыз жылға жуық Египетті басқарған Мүбәрәк елде бірнеше апталарға жалғасқан жаппай наразылық акцияларынан соң биыл ақпанның 11-і биліктен кетуге мәжбүр болды. Содан бері ол Қызыл теңіз жағасындағы курортты қала – Шарм-аш-Шейхте тұрып жатқан еді.
XS
SM
MD
LG