Accessibility links

Қаржы нарығын реттеуші-қа­да­ғалаушы агенттіктер таратылды


Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйым­дарын реттеу мен қа­да­ғалау агенттігі мен Алматы қа­ла­сын­дағы өңірлік қаржы орталығының қыз­метін реттеу агенттігі таратылды.

Бұл туралы Қазақстан президентінің жарлығы бүгін ресми басылымдарда жарияланды. Жарлыққа сәйкес, таратылған қос агенттіктің қызмет міндеттері мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық банкіне берілді.

Сонымен бірге Ұлттық банк таратылатын агенттіктердің міндеттемелері бойынша құқықты иеленуші болып белгіленді.
XS
SM
MD
LG