Accessibility links

Қатарда Ливия мәселесі талқыланады


Бүгін Қатарда Ливияға қатысты халықаралық жиын өтеді. Онда Муаммар Каддафи күштері мен НАТО қолдауындағы көтерілісшілер арасындағы қақтығыс мәселесі талқыланады.

Дохадағы кездесуде Каддафиді биліктен кетіруді көздеген көтерілісшілердің Өтпелі ұлттық кеңесінің мүшелері мәлімдеме жасайды. Осы уақытқа дейін бұл кеңесті Қатар, Франция және Италия Ливияның заңды билігі деп мойындады.

Ресми өкілдердің айтуынша, Дохадағы жиынға Ливияның бұрынғы сыртқы істер министрі Муса Кусса да қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG