Accessibility links

Йемендегі шерулерде кемінде бір адам опат болды


Жергілікті тұрғындар мен дәрігерлердің айтуынша, Йеменнің Аден қаласында үкіметке қарсы шерушілермен арадағы қақтығыстар барысында қауіпсіздік күштері оқ атқан. Кемінде бір адам опат болып, 4 адам жараланған. Хабарларға қарағанда, Адендегі наразылық танытушылар қаладағы негізгі көшеге танктерді кіргізбеу үшін баррикада құрып алып, үкімет күштеріне тас лақтырған соң атыс басталған. Бұл ақпарат тәуелсіз түрде расталмады.

Сонымен қатар бүгін ондаған мың адам Йемен астанасы Сана мен басқа да қалаларда шеруге шығып, президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG