Accessibility links

Лукашенко: Күдіктілер Минскіде шабуыл жасағанын мойындады


Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдеуінше, Минскідегі метро станциясында болған жарылысқа қатысты ұсталған күдіктілер шабуыл жасағандарын мойындады. Сәрсенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде Лукашенко дүйсенбі күнгі жарылысқа байланысты оппозициялық саясаткерлер сұрақтарға жауап беруі тиіс деп атап көрсетті.

"Октябрьская" станциясындағы жарылыстан 12 адам опат болып, 200-ге жуық адам жараланған болатын. Прокурорлар шабуылды "лаңкестік әрекет" деп сипаттады. Оның алдында Лукашенко Минскідегі жарылысты елді тұрақсыздандыру әрекеті деп атады.

Сәрсенбі күні Беларусь прокурорлары екі күдіктінің қамауға алынғандығын хабарлады. Олардың біреуіне бомба орнатты деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG