Accessibility links

Батыс Қазақстанда тасқын су толастар емес


Бір аптадан бері тасқын су басып жатқан Батыс Қазақстан облысында жағдай қиындап отыр деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Толассыз жауын салдарынан өзен суы көтеріліп, бірқатар елді мекендер мен алқаптарды су басты. Ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, жауын-шашын сәуірдің 15-іне дейін жалғасуы ықтимал.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша, мыңнан астам үй мен екі мыңнан астам саяжай қоныстарын су алған. Орал қаласында 5 емдеу мекемесінің ғимараттары мен 15 электр стансасы суда қалған.

Облыс орталығы шетіндегі шағын аудандар мен қоныстарды да су басқан.

Орал өзенінде су деңгейі бір тәулікте 1 метрдей көтеріліп, өзен бойындағы үй-жайларға қатер төндірген. Төтенше жағдайлар қызметі Достық және Мичурино елді мекендеріндегі 900-ден астам үйді аман сақтап қалу үшін су бөгеттерін нығайтуға кіріскен.

Қазіргі кезге дейін тасқын су басқан аудандардан үш мыңнан аса адам көшірілген. Жергілікті билік кәсіпкерлерді табиғи апаттан зардап шеккендерге жәрдем көрсетуге шақырды. Қаржы жинау үшін арнайы шот ашылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG