Accessibility links

Ұлыбритания мен Франция Каддафи әскеріне соққыны үдетуге келісті


Ұлыбритания және Франция Ливияда көтерілісшілерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан Муамар Каддафи әскеріне қарсы НАТО күштерінің әуе соққысын үдетуіне ықпал етуге келісті.

Сәрсенбі күні Парижде кездесуден соң Франция президенті Николя Саркози мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның бірлескен мәлімдемесінде ливиялық көтерілісшілерге қолдау білдіру қажеттігі туралы айтылған.

АҚШ күштері Ливиядағы әуе операцияларынан шеттеген соң негізінен Франция мен Ұлыбритания күштері Каддафи әскеріне әуеден соққы беріп келген еді. Алайда соңғы бірнеше аптада НАТО-ның жасаған іс-қимылдары көтерілісшілердің үмітін ақтамады.

Ливиядағы әскери ұшақтар санын көбейту мәселесі бүгін Берлинде НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуінде талқыланбақ.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG