Accessibility links

Қазақ парламенті АҚШ-қа әуе дәлізін беру туралы келісімді заңдастырды


Бүгін Қазақстан парламентінің сенаты, АҚШ ұшақтарының Ауғанстанға Қазақстан аумағы арқылы жүк және адамдар жеткізетін әуе транзиті туралы екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады. Бұл келісімге былтыр қарашада Вашингтонда қол қойылған.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров қазірге дейін АҚШ әуе транзитін Қазақстан мен АҚШ үкіметтерінің арасында 2001 жылы 15-желтоқсанда және 2002 жылы 10-маусымда қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдар негізінде жүзеге асырып келгенін айтты.

Оның сөзінше, бүгінгі күнге дейін АҚШ ұшақтары Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы 10 мыңға жуық рет ұшып өткен.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG