Accessibility links

Тунистің бұрынғы президентіне 18 айып тағылып отыр


Тунис әділет министрінің айтуынша, прокурорлар биліктен кетірілген Зин әл-Әбидин Бен Әлиді 18 айып бойынша сотқа тартуды көздеп отыр.

Әділет министрі Лазар Каруи Шебби ұлттық телеарнаға берген сұқбатында адам өлтіру, есірткі тасымалы, мемлекетке қарсы конспирация және тағы басқа қылмыстарға қатысты айыптарды атап өтті.

Елдегі жаппай наразылық шаралары барысында биліктен құлатылған Бен Әли қаңтардың 14-де Сауд Арабиясына қашып кеткен болатын. Ол Тунисті 23 жыл басқарды.

Тунис билігі Интерполдан бұрынғы президент пен оның отбасы мүшелерін тұтқындауға көмектесуді сұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG