Accessibility links

Араб лигасы Ливия мәселесін талқылады


Араб лигасы бүгін Каирдегі штаб-пәтерінде Ливиядағы дағдарысты шешу жолын табуды көздейтін әлем басшыларымен кездесіп жатыр. Жиынға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун мен Араб лигасының бас хатшысы Амр Мусса төрағалық етуде.

Оған Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштон, Ислам конференциясы ұйымының басшысы Екмеледдин Ихсаноглу және Африка Одағы комиссиясының төрағасы Жан Пинг қатысып жатыр.

Осыдан бір күн бұрын Қатарда Ливияға қатысты халықаралық байланыс тобының жиыны өткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG