Accessibility links

Италия азаматының өлі денесі Газа секторынан табылды


Газа секторында Италия азаматы Витторио Арригонидің өлі денесі табылды.

Бұған дейін оны «Ислам армиясы» радикалдық тобы ұрлап әкетіп, кепілде ұстаған деп хабарланған.

Арригониді ұрлағандар Газа секторын басқарып отырған ХАМАС тобына өткен айда тұтқындалған өз жетекшілерін босатып, оны Арригониге айырбастау туралы талап қойды. Бірақ өздері белгілеген уақыт бітпестен оны өлтіріп тастаған.

Витторио Арригони бірнеше жыл бойы өзі тұрып келген Газа секторын қоршаудан босатуды жақтайтын белсенді ретінде танымал болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG