Accessibility links

Тергеушілер Минскідегі жарылысты Витебскінің тумасы жасаған дейді


Минск метросындағы жарылысты Витебскінің тумасы жасағаны анықталды деп хабарлады бейсенбіде Беларусь ішкі істер министрінің орынбасары Олег Пекарский.

Ол жарылғыш затты да сол адам өзі дайындаған деп мәлімдеді.

Бұған дейін бас прокуратураның жоғары лауазымды қызметкері Максим Воронин мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде жарылысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған бес адамның арасында бір бойжеткен барын айтқан еді.

Тергеушілер осы ұсталғандардың 2005 жылы Витебскіде жасалған екі жарылысқа және 2008 жылы шілденің 3-інде Минскіде Тәуелсіздік күні болған жарылысқа қатысы бар дейді.

Дүйсенбі күні Минск метросындағы жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 150-ден аса кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG