Accessibility links

НАТО елдерінің өкілдері Ливиядағы жағдайды талқылап жатыр


Ливияда көтерілісшілерге қарсы ұрыс жүргізіп жатқан Муаммар Каддафи әскеріне қарсы НАТО күштерінің әуе соққысын үдетуі туралы Франция мен Ұлыбританияның ұсынысын АҚШ пен НАТО-ға мүше еуропалық өзге елдер қолдамады.

Бейсенбі күні Берлинде басталған НАТО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің екі күндік жиынында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ливия басшысы Муаммар Каддафимен күреске әркім шамасына қарай үлес қосады деп мәлімдеді.

Жиынның алғашқы күні НАТО күштерінің әуе соққысын тоқтату үшін Ливия билігі орындауы тиіс шартты айқындады: ұрысты тоқтатып, бейбіт келісімдер бастау және гуманитарлық көмек жеткізуді қамтамасыз ету.

Сонымен бірге НАТО мүшелерінің барлығы Муаммар Каддафи биліктен кеткені дұрыс болатынын меңзеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG