Accessibility links

Сирияда үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр


Сирияда жұма намазынан кейін наразылық шарасы өтеді.

Ел президенті Башар әл-Ассад шиеленісті жағдайды шешу мақсатында жаңа кабинетті таныстырып, тұтқындарды босатуды бұйырды. Ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, азат етілетін тұтқындардың арасында соңғы апталарда шерулер барысында қамауға алынған адамдар бар.

Бірақ адам құқығын қорғаушы топтардың мәлімдеуінше, бейсенбі күні Дераа қаласында бірқатар наразылық танытушылар тұтқындалған. Осы аптада шерулер барысында 200-ден астам адам опат болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG